Валюта бағамдары:
    usd/kzt 467.99 eur/kzt 488.82

    rub/kzt 7.7 cny/kzt 65.06
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: +2+4℃
  Jańalyqtar  >

Президент Ясауи кесенесінің дұрыс қорғалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды

2022 жылғы 27 қыркүйек, 15:18

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жай-күйімен танысып, нысанның дұрыс қорғалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

600 жылдан астам тарихы бар нысанның кей қабырғалары құзданып, сулана бастаған. Тұзы шығып үгетіліп тұрған жерлері де бар.

Әзірет Сұлтан қорық мұражайының директоры Мәулен Садықбек ғалымдар бұл мәселемен айналысып жатқанын мәлім етті. Ал облыс әкімі Дархан Сатыбалды зерделеу жұмыстары қолға алынғанын жеткізді.

Қазақстан Президенті Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жай-күйімен танысып, нысанның дұрыс қорғалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Айта кетейік, ҚазАқпарат Түркістандағы Ясауи кесенесіне қауіп төніп тұрғаны туралы жазған болатын.

Бүгін Түркістан қаласына келген Қасым-Жомарт Тоқаев өңір жұртшылығымен кездесті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті.



Автор:

Қайрат Зайнишев

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары