Президент: Волонтер студенттердің шәкіртақысын ұлғайтуға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Волонтер студенттердің шәкіртақысын ұлғайтуға болады. Бұл туралы бүгін Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Волонтерлердің шәкіртақысын ұлғайтуға болады деп есептеймін. Үкімет бұл мәселені шешеді деп ойлаймын. Ал коммерциялық бағытта білім алатындарға әлеуметтік студенттік кредит жүйесін енгізу қажет. Бұл кейбір академиялық кредиттерді волонтерлік сағат есебінен есепке алуға құқық береді», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта құрылып үлгерген волонтерліктің онлайн тұғырнамасы жұмысын жетілдіру маңыздылығына да назар аудартты.

«Корпоративтік волонтерлікті де дамыту қажет. Меніңше, ірі компаниялардың қызметкерлері жұмыс аптасының аясында бірнеше сағатын қоғамға қайтарымсыз көмекке арнай алады. Мемлекеттік аппарат пен ұлттық компаниялар да корпоративтік волонтерлікті енгізу арқылы өздерінен бастай алады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар