Президент үйінен айырылып қалған қостанайлықтың мәселесін жеке қарауға уәде берді

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы жұмыс сапары кезінде тұрғындардың арыз-тілегін тыңдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арызданушылардың арасында Қостанайдағы үйінен айырылып қалған жігіт те болды.

«Қостанай қаласының әкімдігі арқылы үйімізді жалған құжатпен сатып жіберген. Бірінші қалалық сотқа, одан кейін облыстық сотқа жүгіндік. Сот тіпті мәселенің анық-қанығын таразылаған да жоқ. Жоғарғы сотқа жүгініп едік, өтінішті қабылдаған жоқ. Көмектесуіңізді өтінем», - деді тұрғын.


Тұрғынның айтуынша, үйдің шынайы құжаты өзінің қолында.

«Атамыз қайтыс болғанда ақымақтық жасап, үйді бірден өз атымызға аудармай жүріп қалдық. Арада 10 жыл өтіп кеткен. Бірақ бәріміз түгел сол үйде тұрып жаттық. Ай сайын коммуналдық қызмет ақысын төлеп келдік. Коммуналдық қызметтер анам Елена Шарифуддинованың атына рәсімделген негізі. Екі жыл болды, бүкіл истанцияларға арыздандық. Прокуратураға да жүгініп жатырмыз. Сізге де электронды өтініш жаздық. Бірақ әзірге жөнді жауап алмадық», - деді арызданушы.

Президент аталған істің анық-қанығына өзі жететінін айтып, тұрғынның көңілін жайландырды.




Видеодан алынған кадр






Соңғы жаңалықтар