+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Президент ұсынған шаралар кешенділігімен әрі атаулы сипатымен ерекшеленеді - Вячеслав Додонов

2020 жылғы 24 наурыз 16:52
Бөлісіңіз:
Президент ұсынған шаралар кешенділігімен әрі атаулы сипатымен ерекшеленеді - Вячеслав Додонов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент ұсынған шаралардың экономикалық бөлігі кешенділігімен ерекшеленеді. ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы Вячеслав Додонов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең алдымен төтенше жағдай енгізуден зардап шеккен экономика секторларын айқындау және оларды қолдауды ұйымдастыру басты назарға алынғанын атап өтуге болды. Бұл көмек барлық салаларға шашырамай атаулы түрде көрсетіледі деген сөз. Ал ол орын алып отырған жағдайда көмекке аса мұқтаж бағыттарға бөлінген ресурстарды барынша шоғырландыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтеді Вячеслав Додонов.

Осы ретте сарапшы Мемлекет басшысы ұсынған қазіргі күрделі жағдайдан зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерліктің барлық несиелері бойынша негізгі қарыздары мен сыйақыларын төлеуді тоқтата тұру, іскерлік белсенділікті салық тұрғысынан ынталандыру және бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар әзірлеуді, шағын және орта кәсіпкерлікті барлық салық және міндетті төлемдерден 3 ай мерзімге босату, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікке ҚҚС-ті уақытша төмендету сынды нақты тетіктерге назар аудартты. Сонымен қатар бұл шаралардың дер уақытында қабылданғанын және бизнес пен қатар тұтушылар да бастан кешіріп отырған проблемаларға сай екендігін айтты.

«Экономикаға және оның субъектілеріне көмек қазіргі қолданыстағы «Қарапайым заттар экономикасы», Жұмыспен қамтудың жол картасы сынды бағдарламалар аясында да көрсетілетін ін де атап өтуге болады. Демек, қолдау көрсетудің жаңа тетіктерін әзірлеместен ресурстарды бұған дейін сүрлеуі түскен арналар арқылы жедел бөлуге мүмкіндік бар деген сөз. Бұл ретте «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының ауқымы бірден еселеніп, әрқайсысына 1 трлн теңгеден бөлінеді. Шағын және орта бизнестің айналым қаражатын жылдық 8 пайызбен несиелеу көлемі артады», - деді сарапшы.

Оның атап өтуінше, аталған бағдарламаларды жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарының жаппай құрылуымен (шамамен 250 мың жұмыс орны) қатар бизнестің төтенше жағдай енгізілуне байланысты жоғалған шығындарының бір бөлігін өтеуге мүмкідік береді. Сонымен қатар жергілікті және республикалық маңызы бар, оның ішінде барынша қажетті инфрақұрылымдық құрылыстар салуға жол ашылады.

Сарапшы дағдарысқа қарсы шараларға 10 млрд доллар, яғни, Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің шамамен 7 пайызы бөлінгелі отырғанына да баса назар аудартады.

«Бұл сома Ұлттық қордан республикалық бюджетке бөлінетін жылдық трансферттің көлемінен 1,5 есе асып түседі және оның шығыстарының шамамен 40 пайызын құрайды. Бұл қаражат төтенше жағдай режимінен және мұнай бағасының құлдырауынан туындаған негізгі қиындықтарға жабу үшін жеткілікті болады», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT