Президент ұшақ апатына байланысты көңіл айтқан мемлекет басшыларына алғыс айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан азаматтардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдаған барлық мемлекет басшыларына алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

«Алматы маңындағы ұшақ апаты салдарынан болған азаматтардың қазасына байланысты көңіл айту жеделхаттарын жолдап, тілектестік білдірген барлық мемлекет басшыларына алғыс айтамын» деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 27 желтоқсан күні Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан Бек Эйр әуекомпаниясының ұшағы апатқа шырады. Осы оқиғаға орай Ресей Федерациясының Президенті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы маңында болған әуе апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұдан кейін Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Гэн Шуанның көңіл айтқанын хабарлаған едік.

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтен де Мемлекет басшысының атына көңіл айту жеделхаты келді. Артынша Пәкістанның Президенті Ариф Алви, осы елдің премьер-министрі Имран Хан және сыртқы істер министрі Шах Мехмуд Куреши Алматы маңында болған ұшақ апатына байланысты көңіл айтты.

Соңғы жаңалықтар