Президент: Ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыру – шешімін табуы тиіс стратегиялық міндет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында ғылым саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Ғылым саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Осы айтулы датаның аса көрнекті ғалым Қ.Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келуінің мәні зор. Перспективасы бар ғылыми зерттеулерді қолдау, ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыру – сөзсіз шешімін табуға тиісті стратегиялық міндет» деп жазды Президент.


Соңғы жаңалықтар