Президент Үкіметтің атаулы әлеуметтік көмекке қатысты есебін тыңдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың есебін тыңдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Онда Үкіметтің еліміздегі әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж тұрғындардың жағдайына қатысты атқарып жатқан жұмысы туралы айтылды. 2020 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек, ең алдымен, аз қамтылған отбасылардың балаларына беріледі.

Мемлекет басшысы облыстардағы азаматтардың арыз-шағымдарын әділ әрі тиімді қарастыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Осыған байланысты барлық деңгейдегі әкімдердің жауапкершілігі айтарлықтай артатын болады.

Кездесу барысында міндетті медициналық сақтандыру жүйесін сапалы жүзеге асыру мәселесі де қарастырылды. Үкіметке нақты тапсырмалар берілді.

Соңғы жаңалықтар