Президент Үкіметке утильалым бойынша ұсыныс дайындауды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев утильалым төңірегіндегі дауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде бизнестің автомобильдерге, бірінші кезекте жартылай тіркемелі көліктерге салынатын утиль алымды қайта қарау туралы шағымы көп. Бір жүк тартқыш үшін утиль алым орташа есеппен 1 млн теңге болып отыр. Жүк тасымалдаушылар үшін утиль алымы айтарлықтай салмақ. Бұл автопарктің жаңаруына кері әсер етуде», - деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, осының салдарынан еліміз халықаралық жүк тасымалы нарығындағы табыстың көп бөлігі көрші елдерге кетіп жатқан көрінеді.

«Қазақстанда халықаралық жүк тасымалына 7,5 мың тіркемелі көліктер жұмыс істейді. Ресейдің халықаралық тасымалында 34 мың, Белаурь елінде 15 мың, Өзбекстанда 8 мың көлік қатысуда. Отандық кәсіпорындар нарықта орнын жоғалтуда. Көршілерімізден ұтылып жатырмыз деген сөз. 2017 жылдан бері отандық тасымалдаушылардың халықаралық тасымал нарығындағы үлесі 1,5 еседен астам қысқарған. Сондықтан, Үкіметке бұл саладағы саясатты жетілдіру, оның ішінде утильалым бойынша ұсыныс дайындау керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар