Президент Үкіметке тұрғын үй саясатын жетілдіру бойынша жаңа ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет екі апталық мерзімнің ішінде тұрғын үй саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстардың жаңа топтамасын әзірлеуі тиіс. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Біз «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасын іске қостық. Ол халық тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Қазірдің өзінде 5 мыңнан астам заем берілді. Осы бағдарламаның аясында өңірлерде қолжетімді кредиттік үйлер салынып жатыр. Дегенмен, оның жүзеге асыру қарқынының төмендегені байқалады. 9,5 мың ғана тұрғын үй салынған немесе жоспардың 56 пайызы ғана орындалып отыр. Үкіметке екі апталық мерзімнің ішінде тұрғын үй саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстардың жаңа топтамасын енгізуді тапсырамын», - деді ҚР Президенті.


Соңғы жаңалықтар