Президент Үкіметке 2 айдың ішінде халықтың табысын арттыру бағдарламасын дайындауды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Үкіметке 2 айдың ішінде халықтың табысын арттыру бағдарламасын дайындауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмысқа орналастыруды қажет ететін азаматтардың нақты санын анықтау керек. Үкіметке «Атамекен» палатасымен бірге екі айдың ішінде халықтың табысын арттыру жөніндегі бағдарлама әзірлеуді тасырамын. Үкіметке Әлеуметтік кодекстің уақытында қабылдануын қамтамасыз ету қажет», - деді Президент.

Оның айтуына қарағанда, мемлекеттің әлеуметтік саясаты осы құжаттың аясында пандемия тәуекелдері мен қордаланған проблемаларды ескере отырып бейімделуі керек.

«Әлеуметтік кодекс жаңа қоғамдық келісімнің негізгі элементіне айналуға тиіс», - деді Мемлекет басышсы Парламент Мәжілісінің отырысында.

Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында ҚР Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынып, оны Мәжіліс қабылдады.

Президент жуықта Қазақстанды саяси трансформациялау жөніндегі жаңа ұсыныстарын жариялайтынын айтқан .

Сондай-ақ, ол 7 қаңтарда халыққа жасаған үндеуінде Үкіметке бүгінгі Мәжіліс отырысында натқы тапсырмалар беретінін айтқан еді.

«Үкімет менің 11 қаңтарда Мәжілісте айтатын сөзіме қатысты нақты шешімдер қабылдауы керек», - деген Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар