+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Президент: Түркістандағы өрттен зардап шеккен ІІМ қызметкерлері мемлекеттік наградаға лайық

2019 жылғы 12 қыркүйек 07:47
Бөлісіңіз:
Президент: Түркістандағы өрттен зардап шеккен ІІМ қызметкерлері мемлекеттік наградаға лайық

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістандағы қонақ үйде болған өрттен зардап шеккен ІІМ қызметкерлерінің тез сауығып кетуін тіледі. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада полицей отқа оранған пәтерден әйел адамды алып шықты Қызылордада полицейлер өрт ішінен төрт баланы құтқарды Петропавлда жиһаз жасайтын цех ашып алған тұрғын үйден өрт шықты

«Түркістандағы қонақ үйде болған өрттен зардап шеккен ІІМ қызметкерлерінің тез сауығып кетуін тілеймін. Олардың ерен еңбектері мемлекеттік наградаларға лайық» делінген хабарламада.

Айта кетейік, 10 қыркүйек күні Түркістан қаласында орналасқан «Royal Grand« қонақүйінде орын өрт шығып, салдарынан барлығы 11 адам зардап шеккен.
6 өрт сөндіру қызметкері медициналық көмекке жүгінген. 3 полиция қызметкері және 2 қала тұрғынына медициналық жәрдем көрсетілген.
Орталық қалалық ауруханаға 5 зардап шегуші жеткізілді. Олардың төртеуі жатқызылып, бір азамат қайтарылды. Жарақат бекетіне 3 адам тасымалданды.
Оқиға орнында полицейлер мен ТЖҚ қызметкерлері жұмыс істеп, тілсіз жауды ауыздықтады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ербол Жанат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT