Президент Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрландыру орталығын құруды ұсынды

None
САМАРҚАНД. ҚазАқпарат - Президенттің пайымынша, түркі мемлекеттерінің ІТ-саласындағы қарым-қатынасын жандандырған жөн. Бұл тура Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өтіп жатқан саммит барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы кезде геосаяси ахуалға байланысты мемлекеттер бір-бірінен технологиялық тұрғыдан оқшауланып жатыр. Түркі елдерінің IT-саласына қатысты тың тәсілдер әзірлеуі айрықша маңызды. Бұл біздің цифрлық дамуымызға жол ашады.

Жуырда Астанада «Digital Bridge» атты халықаралық іс-шара өтті. Онда ІТ-саласында жұмыс істейтін креативті жастарымыз бас қосып, бастамалары мен озық идеяларын ұсынды. Сондай-ақ, мемлекеттеріміздің IT-хабтары арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды», - деді Мемлекет басшысы.

Ол осы ретте, Астана хаб халықаралық технопаркі негізінде Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрландыру орталығын құруды ұсынды.

»Бұл құрылым сауда, көлік, су ресурстары, ақпараттық қауіпсіздік және басқа да салаларға қажетті цифрлық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді.

Оған қол жеткізу үшін Түркі елдерінің Венчурлық қорын құрған жөн деп санаймын. Сол арқылы маңызды старт-ап жобаларға инвестиция тартуға жол ашылады», - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Фото: t.me/KZgovernment


Соңғы жаңалықтар