Президент тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелерді шешуді тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында шешілмеген мәселелерге назар аударуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрылыстың қарқынды дамуы тұрғысында тұрғын үй қатынастары саласы әрбір тұрғынның мүддесін көтереді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында шешілмеген мәселелер баршылық. Жүргізілген сауалнамалар нәтижесінде бұл мәселе көп азаматтарды алаңдатып отырғаны байқалды», - деді Мемлекет басшысы. 

Осы орайда Президент саладағы қызмет көрсетушілер жұмысы және басқа да бағыттардағы қызметтер тиісті деңгейде жетілдірілмегенін атап өтті. 

Елбасы қызмет көрсетуші компанияларға баспана иелерінің арасындағы өзара іс-қимылдың ашықтығын қамтамасыз ету қажеттігін тапсырды.

Сонымен қатар, осы бағыттағы қаржының жұмсалуын қадағалауды, табиғи монополия саласындағы жауапкершілік мәселесін айрықша назарда ұстауды жүктеді. 

«Жалпы үйге ортақ шаруашылықты басқарудың түсінікті әрі тиімді жүйесін құру керек. Менің тапсырмам бойынша Үкімет тиісті заң жобасын әзірледі және ол Парламент қарауына биыл ұсынылады», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар