Президент Туды қалай таңдағанын еске алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі ең үлкен Тудың түбінде өткен мерекелік шараға қатысып, осы мемлекеттік рәміздің тариxын айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осыдан 25 жыл бұрын Тудың бірнеше үлгісін алып келгенде мен бір түсті жолақ емес, аспан түсті көк Туды қаладым. Ол - елге дұрыс жол деген сөз, бәріміз бірміз, бір түстіміз, бір ойдамыз, бір жүректеміз, бір Отанымыз бар. Көк байрағымыз 25 жылдың ішінде еліміздің алдында желбіреп келеді. Осы тудың арқасында Қазақстанды әлемге таныттық. Біздің көк Туымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының 190 мемлекетінің арасында тұр. Біздің көк Туымыз Шанxай ынтымақтастық ұйымы бас қосқанда көтеріледі. Біздің көк Туымыз Еуразиялық экономикалық одақ өкілдері кездескенде көтеріледі. Біздің көк Туымыз спортшыларымыз бен өнерпаздарымыз жеңген кезде желбірейді, Әнұранымыз шырқалады», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президенттің айтуынша, Ту, Әнұран мен Елтаңба - ажырамас ұғымдар әрі Ұлы Даланың кеңдігін көрсетеді. Қыранның қалықтағаны сол кеңдікті көрсетсе керек.

«Әнұранның сөзін тыңдасаңыздар, «бірлігі жарасқан елім бар» деген сөз «көк Тудың астында» дегенді білідіреді. Сондықтан көк Туды құрметтеу, көк Туға бас ию Тәуелсіздікті құрметтеумен бірдей болып саналады. Қазақтың Туы желбірей берсін! Бақытымыз оза берсін! Осы Тудың астында біздің қабылдаған барлық бағдарламаларымыз орындалатын болсын!»,-деп атап көрсетті Нұрсұлтан Әбішұлы.

Соңғы жаңалықтар