Президент Тоқаев Қатар Әмірін Астана әуежайынан қарсы алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді Астана әуежайында қарсы алды. ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Бүгін Мемлекеттер басшылары екіжақты кездесу өткізіп, екі ел арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.

Еске салайық, Қатар Әмірі шейх Тамим бин Хамад Әл Тани Астана халықаралық форумының жұмысына қатысады.Форум елордада 8-9 маусым аралығында өтеді.


Соңғы жаңалықтар