Президент Телерадиокешені мен тәжіктің «Ховар» агенттігі бірлескен медиа-жобалар жасайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін елордада Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен Тәжікстан Республикасының «Ховар» ұлттық ақпарат агенттігі арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан мен Тәжікстанның ірі медиа-ресурстары арасындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту үшін негіз құруға бағытталған меморандумды ҚР Президенті Телерадиокешенінің бас директоры Раушан Қажыбаева мен «Ховар» ТҰАА директоры Субхиддин Шамсиддинзода рәсімдеді.

«Әдетте БАҚ саласындағы байланыстар елдердің өзара іс-қимылының жалпы сипатына орай қалыптастырылады. Бүгінде медиа саладаға байланыс барынша жан-жақты мазмұнмен толыға түсуде. Бұл табысты ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», - деді Президент Телерадиокешенінің бас директоры Раушан Қажыбаева.

«Ховар» ТҰАА директоры С. Шамсиддинзоданың атап өтуінше, екі елдің ақпараттық контент арқылы жақындасуы Қазақстан мен Тәжікстанның ортақ стратегиялық мүдделері, әсіресе, экономикалық салада, қауіпсіздікті нығайту, өңірлік және халықаралық мәселелердегі өзара іс-қимыл бағытында дамып келеді. Екі елдің ірі медиа-ресустары арасында байланыс орнату БАҚ саласындағы өзара іс-қимылда жаңа тәжірибе алуға, журналист кадрларын дайындауға мүмкіндік береді.

«Ховар» ТҰАА делегациясы «Jibek Joly» мен «SilkWay» телеарналарының әлемдік телеиндустрияның қазіргі заманғы стандарттарына сай келетін студияларының жұмысымен танысты.

Анықтама үшін: ҚР Президенті Телерадиокешені Қазақстанның ірі медиа-компаниясы саналады. Оның құрамына республикалық Jibek Joly телеарнасы, халықаралық Silk Way телеарнасы, «ҚазАқпарат» ХАА және Деректі кино орталығы кіреді.


Соңғы жаңалықтар