Президент Телерадио кешенінің фильмі Ресейде үздік атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент телерадио кешенінің режиссері Серік Ибраимнің деректі фильмі Бүкілресейлік «Белая птица» фестивалінің «Үздік балалар деректі фильмі» номинациясы бойынша үздік атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Серік Ибраимнің «Бақытты балалық» фильмі 2022 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен өткен Балалар жылы аясында шығарылды.

Фильм балалардың бос уақытын ұйымдастыру, оқушылардың шығармашылық және білім беру іс-шараларына, балалар үйірмелеріне қатысуы мәселелеріне арналған. Балалар өздерінің жетістіктері, әсерлері туралы әңгімелейді, сонымен қатар болашақ жоспарларымен бөліседі.

Бүкілресейлік фестиваль Қазан қаласында 5 6 қаңтарда өтті. 300-ден астам қатысушы өз жұмыстарын ұсынса, олардың 54-і финалға шықты.


Видеодан алынған кадр

Соңғы жаңалықтар