Президент тазы иттердің көрмесін тамашалады

None
Фото: t.me/aqorda_resmi
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент тазы иттердің көрмесін тамашалады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Nomad» ұлттық саятшылық» қоғамдық қорының төрағасы Болат Құнанбаев тазыны сақтау, өсіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысы тазыны халықаралық деңгейде дәріптеу қажет екенін айтты.

– Құмай тазы – ерекше жануар, қазақтың жеті қазынасының бірі. Біз тазы мен төбетті халықаралық деңгейде кеңірек дәріптеуіміз керек. Сыртқы істер министрлігі де міндетті түрде атсалысуы қажет. Тазыға ерекше күтім, қамқорлық керек. Бұл маңызды іс кәсібилікті талап етеді. Сол үшін арнайы заң қабылдадық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Шара барысында асыл тұқымды тазы өсіруші Анна Захарова Президентке тазының күшігін сыйға тартты

Күшіктің аты – Наурыз, 1,5 айлық.

Айта кетейік, бүгін таңертең Қасым-Жомарт Тоқаев елордада Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйлеген болатын.


Соңғы жаңалықтар