Президент: Тәуелсіздікті реформалар арқылы бекемдейміз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарын нақты реформалар арқылы бекемдеуіміз керек. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы маңызды белесте тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарын нақты реформалар арқылы бекемдеуіміз керек. Ұлттық келісімнің тағы бір маңызды шарты – озық даму үдерістеріне ашық болу. Теріс жаһандық үрдістерге қарамастан, біз ашық мемлекет болып қаламыз. Қазақстан үздік стандарттар мен озық технологияларды игеру үшін бүкіл әлемге, халықаралық ынтымақтастыққа әрдайым ашық болады. Қазақстан қақтығысқа түсуді емес - бітімгершілікті, кемсітушілікті емес - өзара құрмет пен сыйластықты берік ұстанады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар