USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Президент: Тәуелсіздік жылдары 1500 жаңа кәсіпорын іске қосылды

2021 жылғы 7 желтоқсан 11:21
Бөлісіңіз:
Президент: Тәуелсіздік жылдары 1500 жаңа кәсіпорын іске қосылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» сыйлығы жеңімпаздарын құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл 500 мың тонналық полипропилен зауыты іске қосылмақ Тау-кен саласын пайдаланушыларға жеңілдіктер орнына қосымша кеніштерді игеру мүмкіндігі берілмек Жаңа министр отандық өндірістің локализациясын тереңдету үшін жобаларды 6%-бен кредиттеуді ұсынды

«Біз сапалаы өнім өндіріп, табысты жұмыс істеп жатқан бизнес өкілдерін жыл сайын марапаттаймыз. Сондай-ақ, әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға барынша атсалысып жүрген іскер азаматтарға құрмет көрсетеміз. Сол арқылы жасалған еңбек пен шынайы табыстылықты дәріптейміз. «Алтын сапа» байқауы 15 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Бүгінге дейін 150-ден астам компания Президент сыйлығының иегері атанды», - деген Мемлекет басшысы биылғы салтанатты жиын Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келгенін еске салды.

«Мұның зор символдық мәні бар. Егемендік кезеңінде Қазақстанда бизнестің дамуына жан-жақты жағдай жасалды. Соның нәтижесінде жаңа заманға сай кәсіпкерлер шоғыры қалыптасты. Олар ұлттық экономиканың басты қозғаушы күшіне айналды. Бүгінде отандық бизнес еліміздегі индустрияландыру үдерісіне зор үлес қосуда. Соңғы 10 жылда өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі тау-кен саласының көрсеткішінен асып, 33 пайызға жетті. Бүкіл еліміз бойынша 1500 жаңа өндіріс іске қосылды. Бұл мақсатқа 9 трлн теңгеден астам инвестиция жұмсалды. 820 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Былтыр өңдеу өнеркәсібінің экспорты үш есе өсіп, 15,4 млрд долларға жетті. Қазақстанда өңделген өнімдер бүгінде 131 мемлекетке экспортталады», - деді Президент.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT