USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Президент: Тәуелсіздік ұрпақтары - жаңа Қазақстанның басты символдарының бірі

2021 жылғы 8 желтоқсан 11:21
Бөлісіңіз:
Президент: Тәуелсіздік ұрпақтары - жаңа Қазақстанның басты символдарының бірі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік ұрпақтары - жаңа Қазақстанның басты символдарының бірі. Бұл туралы бүгін Ақордада «Тәуелсіздік құрдастары» грантын салтанатты табыстау шарасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Халық биліктің ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етіп отырғанын көруге тиіс - Тоқаев Президент жекелеген мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді ҚР Президенті Олимпиада және Паралимпиада құрамаларының мүшелерімен кездесті

«Құрметті жастар! Баршаңызды келе жатқан ұлы мейрам - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі кездесуіміздің ерекше мән-маңызы бар. Тәуелсіздік ұрпақтары - шын мәнінде жаңа Қазақстанның басты символдарының бірі. Еліміз дербес мемлекет болғаннан бері ойы еркін, рухы азат тұтас буын өсіп жетілді. Тәуелсіздік перзенттерінің алдыңғы толқыны ер жетіп, ел ісіне араласа бастады. Олар Отанымыздың өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып келе жатыр», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев егемендік кезеңінде туып өскен жастарымызға арнаулы грант беруді тапсырғанын атап өтті.

«Бұл - таланты ұл-қыздарымыздың бастамаларын қолдау үшін жасалған қадам. Қазақта «жас келсе іске» деген жақсы сөз бар. Халқымыз жастарға әрдайым сенім артып, ерекше үміт күткен. Ұрпақтың тәрбиесіне, білімді, білікті болуына айрықша ден қояды. Дарынды жастарымыз еліміздің болашағына деген сенімді нығайта түседі. Олардың туған елге қызмет етуге құлшынысы қуантады. Мен грант жеңімпаздары ұсынған жобалармен танысып шықтым. Бұл жобалардың көпшілігінде экологияға баса мән берілгенін байқадым. Бұл өте дұрыс. Өйткені, қоршаған ортаны қорғау қазір барша азамат үшін аса маңызды мәселе. Кең байтақ жеріміздің бірегей табиғатын сақтау бәріміздің қасиетті борышымыз. Жастардың тың идеялары нақты жүзеге асып, халықтың игілігіне айналады деп сенемін. Шын мәнінде бұл еліміздің мерейтойына Тәуелсіздік ұрпақтарының тартуы болмақ», - деді ҚР Президенті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT