Президент тапсырмасынан кейін Леңгір қаласындағы мәселе шешілді

None
None
ЛЕҢГІР. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Леңгір қаласындағы мәселе тез арада шешілді. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында "31 арнаның" сюжетін салып, Премьер-Министр мен Түркістан облысының әкіміне Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласындағы көп пәтерлі үй тұрғындарының келеңсіз жағдайы мәселесін шешуді тапсырған болатын. Бұл мәселеге орай аймақ басшысы өз парақшасында мынандай мәлімет таратты.

«Леңгір қаласындағы №25Б тұрғын үйдің сарқынды сулары мен жағымсыз иісі бар мәселе жедел шешімін тапты. Кәріздік септик тазартылып, үйдің жертөле бөлмесіне дезинфекция жүргізілді. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жақында ашылған "Facebook" әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Леңгірдегі көп пәтерлі үйдің тұрғындары олардың үйін үнемі кәріз қалдықтары иісі шығып тұратындығы жөнінде шағымданған болатын» делінген Өмірзақ Шөкеевтің парақшасында.

Соңғы жаңалықтар