Президент тапсырмасына орай инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы жасалуда - С. Ахметов

None
None
АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің тапсырмасына орай, инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жасалып жатыр.

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында сөз сөйлеген Үкімет басшысы Серік Ахметов осылай мәлім етті.

«Бұл өте салмақты бағдарлама. Оны тыңғылықты зерделеп жатырмыз. Жалпы, инфрақұрылымды дамыту үлкен шығындарды талап етеді. Әрине, мұнда тұтастай көліктік-транзиттік және көліктік-логистикалық инфрақұрылымдар салу мен жаңғырту шаралары қамтылмақшы», - деді Премьер-Министр.

Бұдан бөлек, Үкімет басшысы индустриялық-инновациялық даму бағытындағы жұмыстың да жалғасатынын, екінші бесжылдыққа қатысты шаралар қаралу басталатынын жеткізді. «Оның аясында кластерлік бастамаларды есепке ала отырып, инновациялық түрдегі кәсіпорындарды салу көзделеді», - деді С. Ахметов.

Соңғы жаңалықтар