Президент тапсырмасымен ұялы байланыс абоненттеріне 300 минут тегін беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде ұялы байланыс абоненттеріне 300 минут тегін беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес байланыс операторларынан әр абонентке 200 SMS/300 минут тегін беріледі», - делінген Ақорданың SMS арқылы таратқан ақпаратында.

Айта кетейік, кеше Ақорда SMS арқылы хабар алу қызметін іске қосқан еді . Алғашқы хабарлама экстремистерден зардап шеккен кәсіпкерлерге көмек көрсетілетіндігі туралы болды.

«Құрметті кәсіпкерлер! мемлекет экстремистердің іс-әрекеті салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілеріне көмектеседі» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар