+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Президент тапсырмасымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылады

2020 жылғы 30 мамыр 09:19
Бөлісіңіз:
Президент тапсырмасымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады. Онда тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау және қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құру тапсырылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Сенім мен сабақтастық Асқар Мамин ҚР Президентіне әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндады ҚР Президенті адвокаттық қызмет туралы заңға қол қойды

«Тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырдым.

Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз. Болашақтың берік негізі Тәуелсіздіктен бастау алады.

Өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету – баршамыздың перзенттік борышымыз», - деді Мемлекет басшысы.

Қ.Тоқаев атап өткендей, Кеңес заманында өмір сүрген халықтарға «үлкен террор» орасан зор қасірет әкелді. Зұлмат жылдарда Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды.

100 мыңға жуық азаматымыз қуғын-сүргінге ұшырап, соның 20 мыңнан астамы атылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT