Президент тапсырмасы: Зорлық-зомбылықты тергейтін топтың құрамына әйел тергеушілер алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ақпан айындағы отырысында айтқан тағы бір тапсырмасы іске асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

«Әйелдер мен балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылық қылмыстарды тергейтін топтардың құрамына арнайы тергеуші әйелдерді енгізу керек. Бұл жәбірленушіге қатысты теріс әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді», - деген болатын Президент Ұлттық кеңес отырысында.

Берік Уәлидің жазуынша, бүгінде полиция департаменттерінде тұрақты жұмыс істейтін жедел-тергеу топтары құрылып, олардың құрамына тергеуші әйелдер алынған.

«Әйелдер мен кәмелекетке толмағандарға қатысты жасалған жыныстық қылмыстарды ашу және тергеу жөніндегі осындай топтардың жұмысын ұйымдастыру туралы ереже бекітілді. Жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу жөніндегі қалалық және аудандық басқармалардың, сондай-ақ, полиция департаменттерінің тергеу басқармаларының бөлімшелерінде әйелдер мен кәмелтке толмағандарға қатыстық зорлық-зомбылық қылмыстарды тергеу топтары құрылды. Олардың құрамына тергеуші әйелдер енгізілді», - деп жазды Презиенттің баспасөз хатшысы.


Соңғы жаңалықтар