Президент тапсырмасы:Солтүстік Қазақстан облысындағы екі аудан әкімі қызметінен кетті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Солтүстік өңірлеріне көшіп келушілерге арнап салынған, үйлердің сапасының нашарлығына байланысты Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

«Мемлекет басшысы биылғы 24 мамырда «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Заложники равнодушия» атты мақалада көтерілген мәселе бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген еді. Мақалада Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге арнап салынған тұрғын үй сапасының нашарлығы туралы сөз болған.

Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша мақалада келтірілген деректер расталды.

Үкімет пен облыс әкімдігі анықталған кемшіліктерді жою жұмыстарымен айналысуда.

Аталған бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарында олқылықтарға жол бергені үшін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері қызметтерінен босатылды.

Облыс әкімінің орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі облыстық басқарманың басшысы, сондай-ақ, бес ауданның әкімдері тәртіптік жауапқа тартылды»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар