+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Президент тапсырмасы: ШҚО-да өзен-көлдердің жағалауында рейд жүріп жатыр

2021 жылғы 25 шілде 21:01
Бөлісіңіз:
Президент тапсырмасы: ШҚО-да өзен-көлдердің жағалауында рейд жүріп жатыр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы өзен-көлдердің жағалауына рейд жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Ұқсас жаңалықтар
Бүгін Қостанай қаласында ауа сапасы нашарлайды ШҚО тұрғынының көлігінен заңсыз ауланған 60 келіден астам шаян табылды Қасым-Жомарт Тоқаев ШҚО-дағы экологиялық мәселе бойынша тапсырма берді

Өткен жылдың 10 шілдесінде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастаудың алдын алу және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру қажеттігі жайлы айтқан болатын.

Осыған орай ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің тапсырмасымен Шығыс Қазақстан облысының рекреациялық аймақтарындағы стихиялық қоқыс үйінділерін жою мақсатында рейд жүргізілді.

«Шүлбі су қоймасы мен Семей қаласындағы Ертіс өзенінің жағалауларында табиғат қорғау полицейлері демалушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек, жергілікті полиция қызметінің сақшылары қоғамдық орындарда қоқыс тастағандардың әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын жеткізді. Осындай фактілердің алдын алу мақсатында 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап жеке тұлғаларға салынатын айыппұл мөлшері 10-нан 50 АЕК-ке дейін көбейтілді», - деп хабарлады ШҚО экология департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ рейд барысында ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабын (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу) және 434-бабы 2-бөлігін (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бұзған 4 адамға әкімшілік хаттама толтырылған.

Алдағы уақытта осындай рейдтер Сібе көлдерінде, Дубығалы, Шыбындыкөл, Шошқалы, Алакөл және Бұқтырма су қоймасында өткізілмек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT