Президент тапсырмасы: Мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігін анықтау

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігін анықтау туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы қалай орындалғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2019 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығының өркендеуінің негізі» атты Жолдауында айтылды:

«Үкімет есеп комитетімен бірлесіп, мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігін анықтау үшін талдау жүргізуі тиіс».

Орындалды:

- Есеп комитеті жалпы квазимемлекеттік сектордың 15 субъектісі мен оған қарасты 71 ұйымды тексеріп, 45,2 триллион теңге көлеміндегі қаржыға аудит жүргізді.

Тексеріс қорытындысы бойынша жалпы қаржының 5 пайызында заң бұзушылықтар анықталған, соның ішінде:

1) қаржылық заң бұзушылықтар – 0,2%;

2) активтерді тиімсіз жоспарлау және пайдалану – 4,8%.

Тексерілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізімі:

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Astana LRT» ЖШС», «KEGOG» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Ақтау теңіз сауда порты» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ, «Біріккен химия компаниясы» ЖШС, «Samryk-Kazyna Constraction» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» АҚ.

Анықталған проблемалар:

- реттелмеген және ашық емес дивидендтік саясат;

- корпоративтік басқарудағы елеулі кемшіліктер;

- сатып алудың едәуір бөлігін конкурссыз және көбінесе үлестес компаниялар арқылы жүзеге асыру;

- активтерді тиімсіз басқару.


Соңғы жаңалықтар