+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Президент тапсырмасы: Маскаттан Алматы мен Нұр-Сұлтанға әуе рейстері ашылады

2019 жылғы 9 қазан 12:34
Бөлісіңіз:
Президент тапсырмасы: Маскаттан Алматы мен Нұр-Сұлтанға әуе рейстері ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оман мемлекетінің «Salam Air» әуе компаниясы ел астанасы Маскаттан Алматыға және Нұр-Сұлтанға рейстер ашады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Авиация комитеті ұшақ билетінің бағасын төмендету үшін не істемек

ҚР Президентінің халықаралық рейстер санын көбейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтанатының авиациялық билігі арасында екіжақты келіссөз жүргізілген. Қазақстандық делегацияға ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, ал Оман делегациясына Оман Сұлтанатының Көлік және коммуникациялар министрлігі Әуе көлігі департаментінің директоры Салим әл-Хуссейни басшылық еткен.

«Келіссөздер нәтижелері бойынша әуе рейстері үшін құқықтық база құрылды. Оған сәйкес, екі елдің тағайындалған тасымалдаушыларына аптасына 14 жолаушы және 14 жоспарланған жүк рейсін орындау құқығы берілді. Осы негізде, келесі жылдың наурыз айында омандық «Salam Air» әуе акомпаниясы «Алматы – Маскат» (Оман астанасы) бағыты бойынша аптасына 7 рет рейс жасайтын ұшақ ұшырады. Сондай-ақ, келесі жылдың күзінен бастап жоғарыда аталған Оман әуе акомпаниясы «Нұр-Сұлтан-Маскат» бағыты бойынша әуе қатынасын жолға қоймақ», - делінген хабарламада.

Бұл жұмыс Оман Сұлтанаты азаматтарының Қазақстан Республикасында 30 күн визасыз болу тәртібінің енгізілуімен (2019 жылдың 30 қыркүйегінен бастап күшіне енген) бір мезгілде жүргізілуде.

Атап өтілгендей, екі ел арасында тікелей рейстердің ашылуы, сондай-ақ Қазақстанда енгізілген визасыз режім және қолайлы климаттық жағдайлар Оман Сұлтанаты азаматтарына турист ретінде Қазақстанға келуіне жол ашады.

Сонымен бірге, Оман тарапы өз кезегінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін визасыз режімді енгізуді қарастырып жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT