+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Президент тапсырмасы: Құрылыс материалдары 15%-ға арзандайды

2021 жылғы 12 шілде 17:06
Бөлісіңіз:
Президент тапсырмасы: Құрылыс материалдары 15%-ға арзандайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде құрылыс материалдары бағасының 15%-ға арзандауы күтілуде. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Жайлы тұрғын үй» қазақстандықтардың баспана жағдайын жақсарта ала ма Қазақстан ғалымдары жол құрылысына қолданылатын жаңа технология ойлап тапты Ақтау қаласындағы 464 шақырым жылу желісінің 72 проценті әбден тозған

«Құрылыс материалдары бағасының негізсіз өсуін төмендету мақсатында «Маркетплейс» атты арнайы ақпараттық алаң құру көзделіп отыр. Яғни, отандық құрылыс материалдарын онлайн сату алаңы. Мемлекеттің қолдауымен құрылыс материалдарын сатуға арналған онлайн сауда алаңы белгіленген бағаны ұстап тұруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде бағаның 15 пайызға арзандауына және құрылыс материалдары нарығының ашықтығын қамтамасыз етеді», - деді Қ. Өскенбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, өткен жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылыс материалдарын өндірушілер мен құрылыс компанияларына арналған www.stroimaterial.kz сайты іске қосылды.

«Аталған сайт «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған бірінші жоба, ал енді қолға алынған «Маркетплейс» соның жалғасы, екінші кезең деуге болады. Бұл онлайн сауда алаңында өндірушілер өз өнімдерін ұсына алады. Онда барлық процесс онлайн түрде жүргізіледі, яғни келісімшарттар ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) көмегімен жасалады. Сондай-ақ, логистикалық компаниялардың тауарды жеткізуін бақылайтын арнайы функция іске қосылатын болады», - дейді ол.

Бұған дейін Қайырбек Өскенбаев елімізде тұрғын үй бағасы қымбаттауының себебін түсіндірді.

Сонымен қатар, вице-министр Қазақстанда тұрғын үй бағасының арзандауына қатысты болжам жасады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT