+7 (701) 759 90 19
USD 418.67 EUR 507.64
RUB 5.71 CNY 64.74
Jańalyqtar

Президент тапсырмасы: Көлік жүргізшілері үшін құжат саны қысқарды

2020 жылғы 4 желтоқсан 14:22
Бөлісіңіз:
Президент тапсырмасы: Көлік жүргізшілері үшін құжат саны қысқарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда енді көлік жүргізушілері өзімен бірге көп құжат алып жүрмейтін болды. Ішкі істер министрлігі жүргізушілер үшін қағаз құжаттардың санын қысқарту мәселелесін пысықтап қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қағаз құжаттарды электронды форматқа көшіру Қазақстанды цифрландыру бағдарламасы аясындағы басты міндеттердің бірі болып табылады. Толып жатқан құжаттарды өзіңмен бірге алып жүруді доғару автокөлік иелері үшін де өзекті мәселе болып отыр. Бұл ұсыныс Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық реформалар пакетіне енгенін айтқан.

Белгілі болғандай, қазіргі таңда Ішкі істер министрлігі жүргізушілер үшін қағаз құжаттардың санын қысқарту мәселелесін пысықтап қойды. Осыған қатысты ереже Парламент Мәжілісінің депутаттары бастама еткен жол қозғалысы мәселелеріне қатысты заңнамаға енгізілді. Бұдан былай автокөлікті тексерген жағдайда тәртіп сақшысына тек жеке басын куәландыратын құжатты ұсынса жеткілікті. Ал көлік иесі туралы өзге деректердің барлығын, сенімхаттың кімге жазылғаны, сақтандыру полисі мен техникалық байқаудың мерзімдері туралы ЖПҚ инспекторлары планшеттен және жүйеге кіру арқылы көре алады.

Айта кетсек, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында сөз алған еліміздің Президенті аталған мәселені шешу жөнінде үкіметке тапсырма берген болатын.

«Бізде әлі күнге дейін қай жерде болмесын ең алдымен қағаз құжаттарды талап етеді. Мысалы, жүргізушілердің барлығы техникалық құжат, жеке куәлік, сақтандыру құжаты, тағысын тағыларын өзімен бірге алып жүреді. Оларды үйінде ұмытып кеткені үшін жазаланады. Үкімет осы мәселені шешуге міндетті», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Бағдат Мусин «автокөлікті тізгіндеуге құқылы екеніңді дәлелдеу үшін өзіңмен бірге бір бума құжатты алып жүру – өткен дәуірдің көрінісі» деп мәлімдеді. Осыған байланысты Цифрлық даму министрлігі құжаттарды ғана емес, процестерді де автоматтандыруды мақсат етіп отыр.

Келіп түскен ұсыныстарға сәйкес, автокөлік жүргізушісінің өзімен бірге құқық белгілейтін барлық құжаттарды алып жүруін міндеттемейтін ереже енгізу көзделуде. Тек жеке куәлік болса болғаны. ЖПҚ қызметкерлері сол бойынша планшеттен азаматтың атына қандай көлік тіркелгені, сақтандыру полисінің мерзімінің қашан аяқталатыны, техникалық байқаудан өткен күні мен айыппұлдың бар-жоғы секілді деректерді толықтай көре алады. Сонымен қатар полицейлердің қызметтік планшеттерін көшедегі бейнекамералармен кіріктіру жоспарда бар.

Жалпы айтқанда еліміздің көлік нарығы туралы сөз ететін болсақ, Соңғы мәліметтер, яғни 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ел аумағында 3,8 млн бірлік жеңіл көлік тіркелген. 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте 561,8 мың бірлік жеңіл автокөлік тіркеуге қойылған екен. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 13,1%-ке кем. Сонымен қатар, шыққан жылы бойынша тіркелген жеңіл көліктердің жалпы санында зауыттан шыққанына 10 жылдан асқан көліктердің саны басым (64,9%). Шыққанына 3 жылдан аспаған жеңіл көліктер тіркелген жеңіл көліктердің жалпы санының 11,5%-ін, шыққанына 3 жылдан 7 жыл аралығындағылар – 15%, 7 жылдан 10 жыл аралығындағылар – 6,7%-ті құрайды.

Еске салсақ, бұған дейін, Қазақстанда жүргізуші куәлігін алып жүрмегені үшін айыппұл салынбайтындығы туралы хабарлаған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT