+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Президент тапсырмасы: Қазақстандағы оқу орындары тексеріліп жатыр

2021 жылғы 18 сәуір 18:02
Бөлісіңіз:
Президент тапсырмасы: Қазақстандағы оқу орындары тексеріліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының халыққа жолдауында айтылған оқу орындарын тексеру тапсырмасы орындалды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында жазғы мектептің жұмысы жанданбақ Қазақстандық оқушылардың жылқы көңінен қағаз алу жобасы халықаралық байқауда жүлдеге ілікті Президент ШҚО-дағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды

«Былтыр мен дипломды оңды-солды үлестірумен айналысатын білім мекемелерін жабуды тапсырған болатынмын. Білім беруді табысты бизнеске айналдырған ықпалды адамдардың қарсылығынан бұл жұмыс баяу жүріп жатыр. Бірақ проблеманы шешу керек», - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі халыққа Жолдауында .

Берік Уәлидің хабарлауынша, 2020 жылы 38 ЖОО-ға профилактикалық тексеру жүргізілген. 14 ЖОО-да жұмысқа орналастыру көрсеткіштері талап етілетін нормативтен төмен болған.

Ал 2021 жылы 42 жоғары оқу орнына алдын ала бақылау жүргізу жоспарланып отыр. Жыл басынан бері 53 мыңға жуық студент білім алатын 7 ЖОО жабылған. ЖОО оқытушылары жұмыспен қамтылып, студенттер басқа жоғары білім беру мекемелеріне ауыстырылған.

Сонымен бірге, үш оқу орны бас лицензиясынан айырылған.

Олар:

- 35 мыңға жуық студенті бар Аймақтық әлеуметтік-инновация университеті.

- 5 мыңнан астам студенті бар М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы.

- Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті (ЖОО аталған шешімге шағымданды, қазіргі уақытта сот процесі жүріп жатыр).


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT