Президент тапсырмасы: Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет мүшелері БҚО тұрғындарымен кездесті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын іске асыру бойынша ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет мүшелері БҚО тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО мәслихатының мәжіліс залында өткен шараны Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов ашып, алғашқы сөзді Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықоваға берді.

Гүлшара Наушақызы атап өткендей, Елбасымыздың жуырда ғана өткен «Nur Otan» партиясының ХVІІІ съезінде жаңа әлеуметтік шараларды жүзеге асыру жөнінде Үкімет пен әкімдіктерге тапсырмалар бергені мәлім. Мемлекет басшысы халықты қолға алынып жатқан осы өзгерістермен кеңінен таныстыру және шаралардың жүзеге асырылуын бақылау қажеттігін нықтап айтты.null

«Осыған орай Үкімет мүшелері түсіндіру жұмыстарын батыс өңірлерден бастады. Кеше Атырау облысында болсақ, бүгін Батыс Қазақстанға келіп отырмыз. Біздің басты мақсатымыз -тұрғындарға түсіндірумен қатар жергілікті жерде мәселе болса, соны қарастыру, шешу. Басты өзгерістерді үш топқа бөліп айтсақ, соның біріншісі - ең көмекке мұқтаж, көпбалалы отбасыларға қолұшын беру. Сонымен қатар ең төменгі айлық табысы бар азаматтарды қолдау ерекше маңызды. Соның ішінде бюджеттік салада жұмыс жасайтын қызметкерлер де бар. Екіншіден, баспанамен қамтуды жақсарту, сондай-ақ медициналық, білім беру қызметтерінің сапасын көтеру. Үшінші, өңірлерді дамыту. Бұған жергілікті жерлерде жол салу, ауыз сумен, электр қуатымен қамту мәселелері кіреді. Біз осы мәселелерді толық түсіндіре отырып, халықтың ұсыныс-пікірлеріне құлақ асып, жергілікті жерлерде оларға қызметтің қалай көрсетіліп жатқанымен танысамыз», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.null

Бұдан кейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов және «Nur Otan» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев Елбасы тапсырмасына сәйкес өз салалары бойынша атқарылатын жұмыс барысына тоқталды.

Үкімет мүшелері залға жиналған тұрғындар, соның ішінде баспанадан қиындық көріп отырған көпбалалы аналардың сауалдарына да жауап берді.

Вице-премьер бастаған жұмыс тобы сапар барысында Оралдағы «Смарт Орал» халыққа қызмет көрсету орталығы, жұмыспен қамту орталығы мен зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының бөлімшесінде болып, олардың қызметімен танысты.

Соңғы жаңалықтар