+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Президент тапсырмасы: Грант бөлуде алғаш рет әлеуметтік осал топтарға квота қарастырылған

2021 жылғы 8 шілде 15:45
Бөлісіңіз:
Президент тапсырмасы: Грант бөлуде алғаш рет әлеуметтік осал топтарға квота қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрлігі 2021-2022 оқу жылына білім гранттарын бөлу кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарына квоталар бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, Президенттің тапсырмасына сәйкес бұл шара алғаш рет қарастырылған.

Енді көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардағы талапкерлердің грант алу мүмкіндігі жоғарылай түсті.

«Білім және ғылым министрлігі Президенттің тапсырмасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалардың мемлекет есебінен білім алуына мүмкіндіктің көбірек болуы үшін жұмыс жүргізді. Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін гранттардың жалпы санының 5%-ы, кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардан шыққан балаларға – 1%, І, ІІ топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан түлектерге білім беру гранттарының 1%-ы көзделген. Бұл ретте олардың ҰБТ нәтижелері шекті балға сәйкес келуі тиіс», – деп хабарлады Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Сонымен қатар квота шеңберіндегі гранттар жетім балалар мен этникалық диаспора өкілдері үшін де бөлінген. Осылайша, азаматтардың әлеуметтік осал санаттарындағы талапкерлер білім беру гранттарын беру кезінде басымдыққа ие болады. Мәселен, егер педагогика мамандықтарына 8 мыңға жуық білім гранты бөлінсе, оның ішінде 1 063 грант халықтың әлеуметтік осал топтарындағы азаматтар үшін көзделген.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік білім гранттарын бөлу жүйесінде ауқымды әлеуметтік құрамды қарастыру керектігін және талапкердің академиялық жетістіктеріне ғана емес, сондай-ақ оның әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне де назар аударуды тапсырғанын айта кеткен жөн.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT