+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Президент тапсырмасы: Елімізде тағы 5 ЖОО лицензиясы тоқтатылмақ

2019 жылғы 11 желтоқсан 09:48
Бөлісіңіз:
Президент тапсырмасы: Елімізде тағы 5 ЖОО лицензиясы тоқтатылмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрлігі қосымша тексеру жұмыстарын жүргізе келе, 5 жоғары оқу орнының лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық ЖОО-лар «Quacquarelli Symonds» агенттігінің шараларына қатысады Диплом тарататын конторға айналған ЖОО-ларға қатал шаралар қабылдануы тиіс - Тоқаев ЖОО саласындағы рейтинг университеттерге қалай әсер етеді

«Біз бұған дейін, елімізде 5 ЖОО лицензиясының уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатынбыз. Бүгінде ЖОО-на қосымша тексеру жұмыстарын жүргізудеміз, соның нәтижесінде тағы 5 ЖОО-ның лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдадық. Шешіммен келіспейтін ЖОО-ның заң бойынша шағымдануға 10 күн уақыты бар. Егер шағым түспесе немесе шағымданған жағдайдың өзінде сот шешімді өзгертпесе біз олардың атауларын жариялай аламыз. Жалпы ЖОО бойынша проблемалар жеткілікті. Анықталғандай, 1 курсқа 5 студент қабылданса, 4 курсты 150 студент бітіріп шығады. Демек 2,3 курстарда жауапсыз университеттер оқудан шығып қалған студенттерді қабылдайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз ЖОО-на деген талапты күшейттік және жоғары білім беру саласын реттеудің жаңа механизмдері енгізілетін болады», - деді Асхат Аймағамбетов министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салсақ, бұған дейін біз 5 университеттің лицензиясы бір айға тоқтатылғаны туралы жаздық.

Сонымен қатар, Қазақ-орыс халықаралық университеті мен «Астана» университеті лицензияларынан айырылуы мүмкін екендігін хабарлаған болатынбыз. Білім министрлігі алты ЖОО-дан б ұзушылықтар анықтады.

Сондай-ақ, кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Диплом тарататын конторға айналған ЖОО-ларға қатал шаралар қабылдануы тиіс деген еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT