+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Президент тапсырмасы: Ел аумағындағы қоқыс үйінділері мәселесі қалай шешіледі

2020 жылғы 14 шілде 13:34
Бөлісіңіз:
Президент тапсырмасы: Ел аумағындағы қоқыс үйінділері мәселесі қалай шешіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет басшысынан әкімдіктерге бір ай мерзім ішінде заңсыз қоқыстарды жою жұмыстарын тапсыруды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көбейтұздың балшығын әкетпек болғандар қандай жаза тартты Елордада «Құстар ұясы фестивалі» байқауы өтеді Ертіс өзенінің алқабына ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілуі мүмкін

«Жыл өткен сайын заңсыз қоқыс орындары көбейіп барады. Шыны керек, бұл мәселенің шешімі әлі табылмай келеді. «Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясының ғарыштық мониторингі шеңберінде 11 шілдедегі жағдай бойынша 7,5 мыңнан астам осындай қоқыс орны анықталды. Біз әкімдіктермен бірлесіп оларды жою жоспарын әзірледік», - деді деді Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында.

Осы ретте министр Үкімет басшысынан әкімдіктерге бір ай мерзім ішінде заңсыз қоқыстарды жоюды тапсыруды сұрады.

«Бұдан басқа жаңа заңсыз қоқыс орындарының пайда болуына барынша жол бермеу қажет. Ол үшін қоғамдық рейдтер өткізіп, анықталған фактілерді жұртқа жария етуді ұсынамыз. Алайда осы мәселені жүйелі түрде шешу үшін жаңа Экологиялық кодексте қоқыс шығаратын көліктерге GPS - датчиктерді міндетті түрде орнату шаралары көзделді. Өз кезегінде қоқыс шығару тарифтерінің төмендігінен қоқыс өңдеу саласы инвесторлардың аса бір қызығушылығын тудырмайды. Осыған орай Мемлекет басшысының «Waste to energy» технологиясын енгізу мақсатында заңға тиісті өзгерістер енгізілуде», - деді ол.

Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, Мәжіліс заңға түзетулерді мақұлдаған.

«Күзде ол Сенаттың қарауында болады. Заң қабылданғаннан кейін біз алғашқы аукциондарды өткізуді жоспарлап отырмыз. Осы жүйе келесі алгоритм бойынша жұмыс істейтін болады: өртелген қоқыстан шыққан электр энергиясына ең аз бағаны кім ұсынса, сол зауыт құрылысын жүзеге асырады. Алғашқы аукциондарды келесі жылы өткізуді жоспарлаудамыз. Ол үшін алты қала - Ақтөбе, Алматы, Атырау, Нұр-Сұлтан, Тараз және Шымкент таңдалып алынды», - деді ол.

Еске сала кетсек, Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне елді мекендер маңындағы қоқыс үйіндісі мәселесін шешуді тапсырған болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT