+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Президент тапсырмасы: Экономиканы қолдаудың қосымша шаралары әзірленеді

2020 жылғы 14 шілде 09:21
Бөлісіңіз:
Президент тапсырмасы: Экономиканы қолдаудың қосымша шаралары әзірленеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов экономика салаларын қолдаудың қосымша шаралар пакетін әзірлеу үшін Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен іс-қимыл жоспарын дайындайтынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы экономика салаларын қолдаудың қосымша шаралар пакетін қалыптастыру жөнінде тапсырма берді. Осы тапсырманы орындау үшін Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен іс-қимыл жоспары қалыптастырылады. Жоспар жобасын Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте қарастырып, кеңес мақұлдаған жағдайда бекіту ұсынылады», - деді Руслан Дәленов Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, тікелей инвестициялар бойынша тұрақты ортаны қалыптастыру мақсатында стратегиялық инвесторлар үшін шарттарды сақтаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды. Сол үшін заңнамаға тиісті өзгерістер Мәжілістің қарауына енгізілмек.

«Мемлекеттік компаниялардың бюджетке дивидендтерді төлеуді тұрақты негізде арттыру мәселесі зерделенеді. Жүргізілген талдау негізінде тиісті нормативтік құқықтық акт әзірленетін болады», - деді ол.

Еске сала кетсек, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ұлттық банкке жағдай ушыққанда халық пен салаларды қолдаудың қосымша шаралар пакетін әзірлеуді тапсырған болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT