Президент тапсырмасы бойынша Роман Скляр апат салдары жойылғанға дейін Екібастұзда болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жөніндегі жұмыстар аяқталғанша Екібастұзда болады. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Жұмысты үйлестіріп, шұғыл шешімдер қабылдау үшін бірінші вице-премьер тұрақты түрде арнайы штаб отырыстарын өткізеді.


✔️

Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 50-ден астам техника тартылды. 36 бригада (261 адам) жұмыс істеп жатыр.
3 желтоқсандағы сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 76 үйдің 48-інде жұмыс аяқталды, тағы 28 үй бойынша тиісті жұмыстар атқарылады.
Сонымен қатар, қала тұрғындары үшін бұрынғыша 14 жылыту пункті жұмыс істеп тұр.
Соңғы жаңалықтар