Президент тапсырмасы бойынша БҚО-да 110 елді мекенге ауыз су жеткізілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - БҚО-ның Жаңақала ауданына таза су келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғындарды таза ауыз сумен қамту - Жаңақала ауданында маңызды мәселенің бірі болып келді. 2017 жылы тамыз айында «Құлшық» жерасты су көзінен Жаңақала топтық су құбырының құрылысы басталған.

Бұл топтық су құбырынан аудан бойынша сегіз елді мекен, атап айтсақ, Жаңақазан, Жуалыой, Мәстексай, Мұқыр, Жаңажол, Сарыкөл, Жаңақала, Көпжасар ауылдарының тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Құбырдың ұзындығы 150 шақырым. Су жинайтын резервуар сыйымдылығы 2 000 текше метр.

«Бұл көптен күткен қуанышты жағдай. Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, біз облыс бойынша 110 елді мекенге таза ауыз суды жеткіздік. Бүгін сіздер соның нәтижесін көріп отырсыздар. Елбасы Жолдауында ауыл халқының тұрмыс-тіршілігін, өмір сүру сапасын көтеруді жүктеп, міндеттеген болатын. Себебі, біздің өңірдің тең жартысы аудандар мен ауылдарда тұр. Ауылда адам өмірінің сапасына әсер ететін бірден-бір нәрсе, ол - ауыз су, жол, газ. Жаңақалада да таза ауыз су талай жылдан бері «жыр» болып келе жатқан мәселе. Бұл мәселені мен Елбасыға баяндадым, ол қолдады. Соның нәтижесінде 110 елді мекен немесе 2000 шақырым су құбыры тартылды. Ең бастысы таза ауыз су болса, адамның денсаулығына да пайдалы болады, өмір сүру сапасы да артады. Сондықтан, сапалы ауыз судың игілігін, пайдасын өздеріңіз көріңіздер», - Алтай Көлгінов.

Облыс әкімі Жаңақала топтық су құбырының құрылысын жүргізген Орал сауда-өнеркәсіп компаниясының директоры В.Крыловқа алғыс білдірді. 

Соңғы жаңалықтар