+7 (701) 759 90 19
USD 427.22 EUR 519.71
RUB 5.78 CNY 66.52
Jańalyqtar

Президент тапсырмасы: Білім беруге ұлттық спорт түрлерінен міндетті компоненттер енгізілді

2021 жылғы 5 мамыр 12:50
Бөлісіңіз:
Президент тапсырмасы: Білім беруге ұлттық спорт түрлерінен міндетті компоненттер енгізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында Мемлекет басшысының өткен жылғы Жолдауында берген тапсырмаларының бірі толық орындалғанын жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Ауғанстан Президенті Ашраф Ғаниға көңіл айттты Асқар Мамин Мемлекет басшысына елде қалыптасқан жағдайға қатысты есеп берді Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы жария еткен «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында: «Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет», - деп атап өткен болатын.

Ал Президент баспасөз хатшысы дене шынықтыру пен бұқаралық спортты дамыту жөнінде 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданғанын жазды.

Берік Уәлидің мәліметінше, елімізде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындар саны 5,9 млн адамға жетті, оның 560 908-і – балалар мен жасөспірімдер. 127 703 спорт секциясы, балалар мен жасөспірімдерге арналған 477 спорт мектебі, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің 686 дене шынықтыру клубы жұмыс істейді. Балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубтары мен дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің желісі кеңейтілді. Білім берудің барлық деңгейінде дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық спорт түрлері бойынша міндетті комоненттер енгізілді. Әрбір ауылдық округ үшін спорт жөніндегі 3 мың нұсқаушы белгіленді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT