+7 (701) 759 90 19
USD 427.22 EUR 519.71
RUB 5.78 CNY 66.52
Jańalyqtar

Президент тапсырмасы: Балалар спортпен және шығармашылықпен тегін айналысады

2021 жылғы 5 мамыр 12:37
Бөлісіңіз:
Президент тапсырмасы: Балалар спортпен және шығармашылықпен тегін айналысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында Мемлекет басшысының өткен жылғы Жолдауында берген тапсырмаларының бірі толық орындалғанын жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Азия чемпионаты: Ел намысын қорғайтын боксшы қыздар анықталды Теннис: Ярослава Шведова Римде әлемнің бірінші ракеткасына жол берді Теннис: Ярослава Шведова Рим турнирінің екінші айналымына шықты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы жария еткен «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында: «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді», - деп атап өткен болатын.

Ал Президент баспасөз хатшысы мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырысты іске асыру арқылы балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және спорттық әлеуетін арттыру үшін мемлекеттік қоглдаудың жаңа институты енгізілгендігін жазды.

Оның аясында 2021 жылдың 1 мамырынан бастап мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыс жүзеге асырылады. Ол үшін биыл жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыруға 2,4 млрд теңге, спорттық тапсырысты іске асыруға 3,7 млрд теңге бөлу көзделген.

2021 жылы республика бойынша жан басына шаққанда 23,5 мың шығармашылық үйірме және 1 029 спорт секциясы қаржыландырылады. Онда шамамен 43,3 мың бала спортпен және шығармашылықпен (шығармашылық үйірмелерде - 23,5 мың бала, спорт секцияларында – 21 548 бала) тегін айналысатын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT