Президент тапсырмасы: Ауылдағы жұмыс берушілер еңбеккерлерге жалға берілетін үй салады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли ауылдарда жалға берілетін үй салу бойынша жұмыс берушілердің шығындары қалай субсидияланатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл тапсырма 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған еді.

«Ауыл еңбеккерлерін қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау арқылы жалдамалы үйлер салуға міндеттеп, көптеген отандастарымыздың тұрмыс сапасын неге жақсарта алмаймыз?», - деген еді Президент Қ. Тоқаев Жолдауында.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли тұрғын үй заңнамасына және ҚР Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға өзгерістер енгізу жұмыстары басталғанын хабарлады.

«Ауылда жалға берілетін үйлер салу бойынша жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидаларының жобасы әзірленді. Үй пайдалануға берілгеннен кейін жұмыс берушілер шығындарының жалпы құнының 50 пайызын, яғни 1 шаршы метрінің құны 100 мың теңгеден аспайтын, жалпы ауданы 100 шаршы метрден аспайтын мөлшерде субсидиялауға жатады. Тұрғын үй жұмыс беруші мен қызметкер арасында 5 жылдық мерзімге жасалған еңбек шарты жасалғанда беріледі», - деп жазды Б. Уәли Facebook -тегі парақшасында.


Соңғы жаңалықтар