Президент тапсырмасы: Ауғанстан қазақтарының елге оралу сәтінің видеосы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ауғанстанда тұратын қандастар елге оралды. ҚазАқпарат оқырмандарына қандастардың елге оралу сәтінен видеоматериалын ұсынады.

ҚазАқпарат кеше Кабулдан Алматыға арнайы рейспен 35 қандасымыз, 4 Қазақстан азаматы және БҰҰ-ның 1 қызметкері жеткізілгенін хабарлаған болатын.

Қандастар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елге эвакуацияланды. Президент дипломаттарымызға және игі істі ұйымдастыруға атсалысқан барлық ведомство қызметкерлеріне алғыс айтты.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамотасын тапсыру рәсімі нде Ауғанстандағы қазақ диаспорасын елге қайтару мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеген еді.


Соңғы жаңалықтар