+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Президент тапсырмасы: Ақтөбеде өзен арнасын кеңейту жұмысы уақытша тоқтатылды

2019 жылғы 23 маусым 17:00
Бөлісіңіз:
Президент тапсырмасы: Ақтөбеде өзен арнасын кеңейту жұмысы уақытша тоқтатылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бастаған жұмыс тобы Президент тапсырмасымен Ақтөбеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Топ мүшелері Ақтөбе су қоймасы мен Қарғалы, Елек өзендерінің бүгінгі жағдайымен танысты. Жергілікті белсенділер жобалаушылармен, мамандармен бетпе-бет кездесіп, зейнеттегі экологтар өз пікірін білдірді.null null

«Президенттің тікелей тапсырмасымен бір топ маман Ақтөбеге келді. Арнайы топты өзім басқарамын. Бүгін бірнеше нысанды аралап, халықпен кездестік, жұмыстармен таныстық. 2017 жылы су тасқыны болып, жүздеген үй су астында қалды. Енді осындай жағдай қайталанбас үшін тиісті жұмыстарды атқару керек. Дегенмен халықты «бұл жұмыстар қалай атқарылуда» деген мәселе, технологиясы алаңдатып отыр. Кесілген ағаштар да наразылық тудырған. Жасыратыны жоқ, Ақтөбе шөлейтті өңір. Ағаштар қайда егіледі деп те сұрады. Құрылған топқа жергілікті адамдар да кіреді. Қоғаммен ақылдасып, нақты шешімге келу керек. Бүгін нақты шешімге келу қиын», - деді министр Мағзұм Мырзағалиев.null

Қазіргі кезде қылмыстық іс туралы мәселе қозғалып жатқан жоқ.

«Мемлекет басшысы Ақтөбенің экологиялық проблемаларын жақсы біледі. Бір ғана су тасқыны, оның салдарымен күрес жұмыстары ғана емес. Оған қоса Алға химиялық зауытының проблемасы, кәріз суын тазалау құрылғысы бар. Жергілікті халық түнде жаман иіс шығатынын айтады. Көкжиде су кен орнының мәселелері де бар. Бәрі министрліктің құзырына кіреді. Бүгін айтылған пікірлер естілді, тыңдалды. Жұмысты тоқтату мәселесі қиын сұрақ. Дегенмен жұмыс тобы нақты шешім алу үшін екі апта, бәлкім бір айға жуық уақыт керек. Сол аралықта уақытша осы жұмысты тоқтату керек. Ақтөбеде экологиялық мәселе көп», - деді министр.null

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев министр Мағзұм Мырзағалиевке Ақтөбедегі экологиялық жағдайды шұғыл түрде шешуді тапсырған еді.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT