+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

Президент тапсырмасы: 2022 жылы архив қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға өседі

2021 жылғы 22 қыркүйек 14:18
Бөлісіңіз:
Президент тапсырмасы: 2022 жылы архив қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға өседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Келесі жылдан бастап еліміздің архив саласында еңбек ететін қызметкерлердің төменгі жалақысы 20 пайызға дейін артпақ. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Ғабидолла Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шынын айту керек, архив ісімен сол салаға берілген адам ғана айналысады. Себебі, өзіңіз ойлаңыз жабық, қараңғы жерде ескі қағаздарды қопарып, тазалап және оны қалыпқа келтіріп отыру керек. Сондықтан да бұл іспен екінің бірі айналыспайды. Осы орайда архив ісі алға қойылып, мамандарға жағдай жасау керек деп ойлаймыз. Қазіргі таңда архив саласындағы қарапайым маманның орташа жалақысы 60 мың теңгенің айналасында. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың төменгі жалақысы 20 пайызға өседі», - деді Ғ. Әбдірахманов.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде елімізде 200-ге жуық архив бар.

Айта кетейік, министрдің орынбасары архив қызметкерлерінің жалақысына қатысты жаңалықпен елордада өтіп жатқан «Тәуелсіздік және Елбасы: жасампаздықтың жаңа тарихы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция кезінде тілшілердің сұрақтарына жауап беру барысында бөлісті.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында 2022-2025 жылдары бюджеттен қаржыландырылатын сала қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын 20 пайызға дейін өсіру керектігін тапсырған еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT