Президент тапсырмасы: 2 млрд түп ағаш отырғызу интеравтикті карта арқылы бақыланады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттің 2 млрд түп ағаш отырғызу тапсырмасы интеравтикті карта арқылы бақыланады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орман қорында 2 млрд ағаш отырғызу бойынша жүргізілетін жұмыстардың тиімділігі барысына қоғамдық мониторингті жүзеге асыру мақсатында Экология министрлігінің қолданыстағы геопорталының негізінде интерактивті карта құру ұсынылады. Қазір осы геопорталда орман өрттері мен заңсыз ағаш кесу мониторингі онлайн режимде жүзеге асырылуда. Геопортал «Ғарыш Сапары» компаниясымен бірлесіп пысықталатын болады», - деді министр.

Оның айтуынша, картада жылдар бойынша өңір-өңірге бөлінген ағаш отырғызу жоспарлары көрсетіледі.

«Жергілікті атқарушы органдар бекітілген кешенді жоспарлардың аясында ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі жұмыстарды уақтылы жүзеге асыруы қажет деп санаймыз», - деді ол.

Бұған дейін айтылғандай, Қазақстан орман алқабы аз мемлекеттер қатарына жатады. Орман қорына жататын жерлердің жалпы көлемі 30 млн гектарды құрайды. Яғни республикамыздың 11%-ын ғана алып жатыр. 13 млн гектар жерде орман өсуде. Ормандылық көрсеткіш 4,8% құрайды. 2030 жылға қарай елдегі орман алқабы көлемін 5%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда



Соңғы жаңалықтар