+7 (701) 759 90 19
USD 424.92 EUR 500.09
RUB 5.87 CNY 65.92
Jańalyqtar

Президент субұрқақта адамдарды құтқарған студентті Құрмет грамотасымен марапаттады

2021 жылғы 22 маусым 19:19
Бөлісіңіз:
Президент субұрқақта адамдарды құтқарған студентті Құрмет грамотасымен марапаттады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарған қазақстандық студенті Құрмет грамотасымен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы адамдардың өміріне қатер төнгенде көрсеткен асқан ержүректігі мен батылдығы үшін Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады», - деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында.

Абылай Балапанов өткен демалыс күндері Алматы қаласындағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарып қалған.

Еске салайық, 19 маусым күні Алматы циркі маңындағы фонтанда бірнеше адамды тоқ соқты.

Кейін әкімдік аталған оқиғанын мән- жайын түсіндірді.

Сонымен қатар, «Eco Almaty» ЖШС-нің басшысы Жанна Асанова ол жерде «Шомылуға тыйым салынады!» деген ескерту тақташасы орнатылғанын атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT