Президент Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасына тапсырма берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовке тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Агенттік ғылыми негізделген, жан-жақты пысықталған ұсыныстарды жеткізуі тиіс. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында билік пен қоғам арасындағы пікір алмасудың тұрақтылығын қолдау керек. Сондықтан Сізден (Қайрат Келімбетов-авт.) тәуелсіз сарапшылармен тұрақты диалогты қамтамасыз етуді сұраймын. Сонымен қатар, бізге дұрыс әрі нақты тәжірибелі шешімдер керек», - деді Президент аталған агенттік басшысына қарата айтқан сөзінде.

Осы орайда Мемлекет басшысы қазіргі кезде пікірталастарға, түрлі негізсіз баяндамаларға уақыт жоқ екенін қадап айтты.

«Бізге табысты шешімдер керек. Яғни сіз басқарып отырған ведомство желісі бойынша табысты шешімдер болуы тиіс», - деді Қ. Тоқаев агентті төрағасы Қ. Келімбетовке берген тапсырмасында.


Соңғы жаңалықтар