+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Президент Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі Буяр Османиді қабылдады

2021 жылғы 10 қыркүйек 15:52
Бөлісіңіз:
Президент Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі Буяр Османиді қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент елімізге ресми сапармен келген Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі Буяр Османиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар
Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады Шавкат Мирзиёев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді Мемлекет басшысы халықаралық компаниялардың өкілдерімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Буяр Османиге ілтипат білдіре отырып, екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беру тұрғысынан оның бұл сапарының маңызы зор екенін атап өтті.

– Біздің елдеріміз өзара іс-қимылдарды, атап айтқанда сауда, инвестиция салаларындағы қатынастарды және гуманитарлық байланыстарды нығайту үшін зор мүмкіндіктерге ие. Сондықтан мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін бар әлеуетті пайдалану керек. Сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясында да тығыз ықпалдастық орнатамыз деген үміттеміз, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тетово қаласындағы коронавируспен ауырған науқастар емделетін ауруханада болған өрт салдарынан қаза тапқан адамдардың отбасыларына көңіл айтты.

Кездесуде Президент Ауғанстандағы ахуалға ерекше назар аударды.

– Ауғанстанға қатысты ұстанымымыз айқын. Халықаралық қоғамдастықтың осындай бетбұрыстар кезінде Ауғанстаннан іргесін аулақ салмай, аталған елге көмек беріп, қолдау көрсетуі қажет деп есептейміз. Біз Ауғанстанның уақытша жаңа үкіметін инклюзивті, барлық этникалық топтар мен қоғамдық-саяси күштердің мүддесін құрметтейді деп үміттенеміз. Қазіргі Ауғанстан үкіметі адам құқықтарын, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттемелерін орындап, халықаралық қауымдастықты жаһандық және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретін терроризмнің, заңсыз есірткі айналымының таралуынан және басқа да қиындықтардан қорғау үшін нақты шаралар қабылдайтынына үміт артамыз. Сонымен қатар Қазақстан үкіметі Ауғанстан үкіметімен конструктивті іскерлік байланыстарды, әсіресе сауда және гуманитарлық ынтымақтастық салаларындағы қатынастарды орнатуға дайын. Өйткені бұл салалар бойынша екі ел арасындағы дәстүрлі тығыз байланыс бар, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанда тұратын қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды екеніне тоқталды. Ол Буяр Османиге Қазақстан азаматтары мен этникалық қазақтарды өз отанына қайтару жөнінде, сондай-ақ әлемдік қауымдастықтың халықаралық ұйымдар қызметкерлерін, оның ішінде БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек беру жөніндегі миссиясын эвакуациялау жұмыстарына көмектесу жөнінде қабылдаған шаралары туралы айтты.

Өз кезегінде Буяр Османи кездесуге мүмкіндік бергені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, екі ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жасаған сапарының символдық мәні бар екенін атап өтті.

– Менің Қазақстанға сапарым біздің мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды жаңа белеске шығарады деген сенімдемін. Біз екіжақты байланыстарды тереңдетуге және нығайтуға мүдделіміз, – деді македониялық дипломат.

Кездесуде Ауғанстан бағыты бойынша халықаралық әдістерді жұмылдыруда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің басымдыққа ие екенін атап өтілді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT